Денсаулық

ҚР ДСМ алқасында халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту шаралары қаралды

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен ҚР  ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және өңірлік Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен алқа отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Жолдауының шеңберінде денсаулық сақтау саласында бірқатар бастамалар іске асырылатын болатынын Министр  өз баяндамасында  алқа қатысушыларының назарын аударып, атап өтті.

Осылайша, Министрлік қазақстандық өндірушілермен бірлесіп денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат шеңберінде іс-шараларды жалғастыратын болады. Отандық фармацевтика өнеркәсібін одан әрі дамыту мақсатында ұзақ мерзімді шарттардың тетіктері қолданылуда, жетекші шетелдік компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылуда.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін цифрландыру жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп саланы ақпараттандыру жетілдірілуде, заманауи бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелер қабылдануда.

Алқа барысында көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, негізгі инфекциялық емес аурулар бойынша штаттан тыс бас мамандардың жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев баяндама жасап, ағымдағы жылдың 8 айында Денсаулық сақтау министрлігінің даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша шолуды ұсынды. Ол ведомствоның даму жоспарында үш негізгі мақсат белгіленгенін еске салды. Біріншісі – аурулардың профилактикасын күшейту және ауруларды басқаруды ерте кезеңдерде дамыту, бұдан әрі медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту және үшінші мақсат инновациялық технологияларды және ауруларды диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсілін дамытуға және енгізуге бағытталған. Құжатта 30 индикатор, оның ішінде 15 макроиндикатор бар, оларды іске асыру өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылады және республикалық бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты 15 нысаналы индикатор бар.

Т. Сұлтанғазиевтің айтуынша, халықтың туған кезінен бастап өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіші болып табылады.

«Бұл көрсеткішке 2022 жылы қол жеткізіліп, 74,44 жасты құрады. Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарына сәйкес 2025 жылы біз өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жетуіміз керек. Бұл ретте еліміздің жалпы өлім көрсеткіші былтырғы  жылы 45 %-ға төмендеді. Сондай-ақ, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлімнің көрсеткіші бойынша айтарлықтай оң динамикаға қол жеткізілді, ол іс жүзінде 173,8 жоспарлы кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда 130,22 құрады», – деп хабарлады бірінші вице-министр.

Алайда, мұнда ол ҚЖА-ны ерте анықтау және инфаркт, инсульт кезінде уақтылы мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі жұмысты күшейтуді қажет ететін бес өңірге ерекше назар аударды.

Оның ішінде, Қостанай облысы бойынша 14 индикаторға қол жеткізбеу қаупін атап өтті: – нақты 2022 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығының мәні жоспар кезеңде 73 жас болса, өңірде 72,68 жасты құрады; – ҚЖА-дан өлімнің стандартталған коэффициенті жоспарлы кезеңде 2022 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 173,8 құраса,  қазіргі жағдайда 177,8; – 8 айдағы ана өлімінің мәні ағымдағы жылы 2023 жылдың болжамды мәнінен 44 % – ға артық (8 ай фактісі – тірі туған 100 мың балаға шаққанда 14,4, жоспар бойынша – тірі туған 100 мың балаға шаққанда 10); – туберкулезбен сырқаттанушылық жоспарлы мәннен 6 % – ға асады (2023 жылғы 8 айдағы факт 100 мың тұрғынға шаққанда 41,9-ды құрайды, жоспар 100 мың тұрғынға 39,5-ті); – парентеральді берілу жолымен анықтау құрылымында жаңадаАИТВ жұқтырған адамдардың үлесі жоспарлы мәннен 14,3 % – ға асады (8 айдағы факт – 34,3 %, жоспар-20,0 %). Ұлытау облысында: – халықтың өмір сүру ұзақтығы ең төмен (2022 жылғы факт-71,4 жас, 2022 жылғы жоспар-72,4 жас); – ҚЖА – дан өлімнің ең жоғары деңгейі (2022 жылғы факт-100 мың тұрғынға шаққанда 201,1; 2022 жылғы жоспар кезеңде 100 мың тұрғынға 173,8.);- созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын өлімнің ең жоғары деңгейі (облыс бойынша 2022 жылғы факт-19,26 %, ҚР 2022 жылғы фактісі – 16,63 %); – парентеральді енгізумен анықтау құрылымында жаңада АИТВ жұқтырған адамдардың ең жоғары көрсеткіші (факт 2023 жылғы 8 ай бойынша – 50 %, жоспар – 20%).

Министр нысаналы көрсеткіштерді жүйелі түрде орындамауға жол беретін өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының бірқатар басшыларын жеке тыңдады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлімнің деңгейі республикалық деңгейден 29,7 %-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім – республикалық деңгейден 32,6 %-ға жоғары тіркеледі.

Ведомствоның басшысы батыс өңірінің Ұлттық кардиохирургиялық орталығының кураторларымен әдіснамалық жұмыс бөлігінде өзара іс-қимылының төмен деңгейін, ҚЖА-сы бар пациенттерге көмек көрсетудің нақты алгоритмдерінің жоқ екенін, медициналық ұйымдарды техникалық жарақтандырудың төмендігін атап өтті.

Орташа республикалық деңгейден 56,75 % – ға асатын ҚЖА-дан өлім көрсеткіші Абай облысында байқалады (100 мың тұрғынға шаққанда 230,76). Министр ҚЖА бойынша жағдайға талдау жасауды және жақын арада осы бағыттағы өлімді төмендету жоспарын дайындауды, пациенттерді диспансерлеу және амбулаториялық деңгейде бақылау бойынша сапалы жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Бірінші вице-министр өз сөзінде Туберкулезбен күрес жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру 2022 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 1,63 құрап, туберкулезден болатын өлім 2,6 есе төмендегенін атап өтті. Бұл ретте 5 өңірде индикатордың республикалық мәнімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштер байқалды.

Оның айтуынша, нәресте және ана өлімінің төмендету көрсеткіштері негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады және елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйін сипаттайды және өткен жылы екі көрсеткіш те орындалды.

Министр бірқатар проблемалық мәселелерге және ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы бірқатар өңірлердің төмен көрсеткіштеріне назар аударды. Жамбыл облысында босанып қайтыс болған әйелдердің ең көп саны (4 жағдай), ал Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі көрсеткішінің ең жоғары мәні (100 мың тірі туғанға шаққанда 66,1), сондай-ақ қайтыс болған сәбилердің ең көп саны Ақтөбе облысында байқалады (2022 жылмен салыстырғанда өсім жыл – 22%). Ол осы өңірлердің кураторларына республикалық клиникалардан әрбір жағдайды көрсетуді, ол бойынша ұсынымдар мен әдіснамалық көмек беруді, кадрларды оқыту мәселелерін пысықтауды және жағдайды жақсарту жөніндегі жоспарларды бірлесіп әзірлеуді тапсырды.

Бұдан әрі министр Қызылорда облысында онкологиялық аурулардан болатын өлімнің жоғары деңгейін (100 мың тұрғынға шаққанда 54, 0) және Атырау облысында өткен жылмен салыстырғанда ЖКО-дан болатын өлімнің айтарлықтай өсуін-145,7 % атап өтті. Мәселен, Денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық ғылыми ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының басшыларының алдына жыл соңына дейін мынадай міндеттер қойылды. Біріншісі-қан айналымы жүйесінің ауруларын (ГБ, ЖИА, ЖИМ, МҚЖБ), онкологиялық ауруларды, тыныс алу және ас қорыту ағзаларының ауруларын ерте анықтау шараларыү күшейту: скринингтік қарап-тексерулер, профилактикалық қарап-тексерулер, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысы, инсульт және ТКА орталықтарының жұмысын жақсарту (тромболитикалық терапия, кардиохирургиялық операциялар және интервенциялық араласулар жүргізу). Сонымен қатар, кардиология, онкология, пульмонологияның өзекті мәселелері бойынша кардиолог, ЖПД, терапевт, онколог дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жүргізу, «жасыл дәліз» мониторингі бойынша ахуалдық орталықтардың жұмысын жақсарту, МҰ және МСАК-ты,балалар стационарларын, перинаталдық орталықтарды, перзентханаларды медициналық диагностикалық техникамен жабдықтау және/немесе оларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button