Қоғам

«Сонар–2025»: халықаралық дода нәтижесі жарияланды

20–23 қараша күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында әйгілі құсбегі Байжүніс Кодекұлының 105 жылдығына арналған «Сонар – 2025» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Ұлттық аңшылық дәстүрді дәріптеуді мақсат еткен беделді додаға шет мемлекеттерден және еліміздің түрлі өңірлерінен келген үздік құсбегілер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Биылғы додаға Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен келген қатысушылармен қатар, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан құсбегілер қатысты. Барлығы 55 бүркіт, 20 қаршыға және 13 ителгі тіркеліп, сынға түсті.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей белгіленді:

Бүркіт салу бойынша:
I орын: Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
II орын: Жақсыбек Беймұрат (Алматы қаласы)
III орын: Баетбай Ермұхан (Алматы қаласы)
III орын: Абди Жадырасын (Алматы қаласы)

Қаршыға салу бойынша:
I орын: Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
II орын: Баетбай Сағыныш (Алматы облысы)
III орын: Жамбыл Досымжан (Алматы облысы)
III орын: Сұлтанғазы Жандос (Алматы қаласы)

Ителгі салу бойынша:
I орын: Оспанкұлов Танат (Қарағанды облысы)
II орын: Мұратов Ақан (Қарағанды облысы)
III орын: Бабажан Бағдаулет (Жамбыл облысы)
III орын: Әлімқақов Мирас (Шығыс Қазақстан облысы)

Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік федерациясы» РҚБ-нің бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button