БастыДенсаулық

Қазақстанда дәрі-дәрмек қаншалықты қымбаттады

Биыл шілдеде фармацевтика өнімдері айына 0,2%-ке және жылына 10,8%-ке қымбаттады. Дәрі-дәрмек нарығы бұрынғыша импортқа тәуелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бір ай ішінде баға Павлодар облысында 1,2%-ке көтерілген. Одан кейін Ұлытау облысында 0,7%-ке, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, облыстарында 0,6%-ке қымбаттаған. Атырау мен Ақмола облысында баға өзгермеген. Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында, керісінше, 0,4%, 0,3% және 0,1%-ке арзандаған.

Жылдық көрсеткіш бойынша бағаның ең қатты өсуі Алматыда тіркелді. Жылына 18%-ке артты. Бұл үштікте Ұлытау (15,4%) және Қызылорда (14,9%) облыстары бар. Ең төменгі өсім Жетісу облысында байқалды – 5,9%.
Фармацевтика өнімдерінің ішінде бір айда парацетамол – 2,4%-ке, «Эссенциале форте Н» —1,6%, «Фенистил Нью» тамшылары —1,3%-ке, «Энап» — 0,9%, белсендірілген көмір – 0,7%-ке қымбаттады. Ал мына дәрілердің бағасы, керісінше, түсті: ацикловир – 0,7%-ке, азитромицин мен «Ингавирин» – 0,6%, «Смекта» – 0,5%, «Корвалол» – 0,4, «Ренни», «Аквалор Форте» спрейі – 0,3%-ке, «Йодомарин» мен ацетилсалицил қышқылы – 0,2%-ке, «Нурофен» – 0,1%-ке.
Жыл ішінде парацетамол – 58,2%-ке, йод ерітіндісі – 29,9%-ке, «Аквалор Форте» спрейі – 28,3%, амброксол – 21,5%, ацетилсалицил қышқылы – 18%-ке, белсендірілген көмір – 17,8%, ацикловир – 16,5%-ке қымбаттады.
Сол аралықта Астанада ТМККК мен МӘМС жүйесі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьюторды үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша жария тыңдалым өтті. «СК-Фармация» өз үстемесін 11,2%-ке көтергісі келеді.
Профильдік қауымдастық өкілдері неліктен баға өсетінін түсінбейтінін айтты.
Жалпы Қазақстанның өзін фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз ету дәрежесі төмен. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-маусым қорытындысы бойынша провитаминдер, витаминдер мен оларды өндіруге сұраныс (ішкі нарықты жүзеге асыру және микроскопиялық экспорт) өте төмен, 0,02%-ке қамтамасыз етілді. Елде осы кезеңде барлығы 43 келі ғана витамин өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 48,3%-ке көп. Салыстыру үшін: импорт 173,2 тонна болды (жылына плюс 10,4%).
Антибиотиктерге сұраныс жақсырақ қамтамасыз етілді, соған қарамастан 38,2% қана. Антибиотик өндірісі 7,8 тоннаға жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11,2%-ке көп. Ал импорт 12,7 тонна болды, минус 50,7%. Соған сәйкес импорт үлесі 61,8%-ті құрады. Ішкі нарықта 20,4 тонна антибиотик шығарылды, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 38%-ке аз (оған коронавирус пандемиясының азайғаны да әсер етті).
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна медикамент импорттады. Табиғи көрсеткіште өсім – 11,9% болса, ақшалай импорт көлемі, керісінше, 3,7%-ке азайды.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға 4 мың тонна дәрі-дәрмек кіргізді, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Ең көп дәрі-дәрмек Ресейден әкелінеді екен: 40,9 млн АҚШ долларына 2,9 мың тонна. Сондай-ақ Қазақстан Белорусь пен Украинадан айтарлықтай дәрі-дәрмек импорттайды: 609,9 және 413,3 тонна.
ТМД құрамына енбейтін басқа елдерден импорт көлемі 9,9 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19,9%-ке көп. Үздік үштік құрамында Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button