Денсаулық

Алматыдағы ЕуроДДҰ жаттықтырушылары ТЖ кезінде инфодемияны басқару туралы білімдерімен бөліседі

Алматыда ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіптер туралы хабардар ету және халықпен өзара іс-қимыл» тақырыбында бес күндік семинар басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ЕуроДДҰ бюросының өңірлік коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Кристиана Сальви семинарға қатысушыларды құттықтап, ТЖ жағдайында дұрыс коммуникациялардың рөлін атап өтті және оқыту іс-шарасының негізгі тақырыптарын жариялады.

«COVID-19 адамдардың мінез-құлқы төтенше жағдайларды басқаруда шешуші рөл атқаратынын және оның салдарын тезірек жеңу үшін араласуды жұртшылық дұрыс қабылдауы керек екенін көрсетті. Қауіптер туралы хабардар ету, халықпен өзара іс-қимыл және инфодемияны басқару – бұл ТЖ-ның жағымсыз салдарын жоятын денсаулық сақтау саласындағы қажетті шаралар», – деді ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының қауіптерді ақпараттандыру және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңесшісі Кристиана Сальви.

Ол Алматыға келудің маңыздылығын атап өтті, онда ДДҰ елдік офисімен бірге Орталық Азия елдерімен қауіп-коммуникацияларды ақпараттық басқарудың әлеуетін арттыру бойынша жаңа платформаның пилоттық жобасы жүргізілуде.

«Пандемиядан алынған сабақтарға сүйене отырып, бұл инновациялық құрал Еуропадағы және бүкіл әлемдегі елдерге біздің азаматтарымыздың денсаулығы үшін ТЖ салдарын азайту үшін дұрыс құрылымдар, жүйелер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін өздерінің коммуникациялық жоспарларын әзірлеуге және сынауға көмектеседі», – дейді ДДҰ Еуропалық бюросының маманы.

Семинардың басында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшинова пандемия кезінде коммуникацияларды құрудағы қазақстандық тәжірибе туралы айтып берді.

«КОВИД-19 пандемиясы кезінде біз халық үшін таралудың алдын алу бойынша негізгі алғышарттарды қалыптастыру үшін барлық мүдделі тараптардың бірлесіп қатысуы, сондай-ақ нақты медициналық ақпаратпен үнемі алмасу қажет екенін түсіндік. Пандемия тәжірибесі бізге өте жақсы әзірленген құрылымдық коммуникация жоспары инфекцияның немесе пандемияның туындаған алғашқы күндерінен бастап қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне әсерін тежеуге немесе азайтуға көмектесетінін көрсетті.», – деп атап өтті Ә. Артакшинова.

Семинар алаңында Филип Борреманс, коммуникациялар жөніндегі кеңесші қауіптерді байланыстыру және қауымдастықтарды тарту жоспарын құрудың 10 қадамдық құралын көрсетті.

Семинарға қатысушылар инфодемияны басқару тәсілдері, нысаналы топтармен өзара іс-қимыл форматтары, ақпарат берудегі міндетті үйлестіру және ашықтық қағидаттары туралы үлкен теориялық білім алды.

Практикалық тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар командаларға бөлініп, мақсаттар мен міндеттерді, дағдарысқа қарсы іс-қимыл жасау алгоритмдерінің тиімділік көрсеткіштерін қалыптастыруды үйренді, қауіптердің, қатерлердің және аудиторияны қабылдаудың арақатынасын анықтады.

Семинарға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдік офистерінің өкілдері, ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің, саламатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының мамандары, ТЖ қызметкерлері қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button