БастыДенсаулық

Covid-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындық туралы семинар өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «МСАК ұйымдарының COVID-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығы» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Жиынға амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары мен өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

А.Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай мен COVID-19 екінші толқынына дайындық аясында қабылданып жатқан шаралар туралы  хабардар етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік. Бірақ, бұған қарамастан, шетелдерде коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың қиындап бара жатқанын байқап отырмыз», – деді ол.

Вице-министр ЖРВИ және тұмауға шалдыққандарға назар аударды. Ол жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жоғарғы тыныс алу жолдары вирустық аурулары өршитінін атап өтті. Министрлік  ЖАО-мен бірлесіп Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында медициналық ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ол үшін министрлік мониторинг жүргізіп, республиканың 16 өңірін аралап шықты.

«Өңірлер мобильді бригадамен және ЖМК бригадаларымен, сондай-ақпульсоксиметр, термометр, ЖҚҚ қамтамасыз етілуіне қарамастан, жүйелі және барлық облыстарға тән бірқатар проблемалық мәселенің барын атап өткен жөн. Осыған байланысты біз семинар-тренинг ұйымдастырдық. Бұл кездесу жоғарыда аталған проблемаларды жоюға және Covid-19 күдікті пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін шешім қабылдауға ықпал ететініне сенімдімін»,- деді вице-министр.

Семинар барысында МСАК ұйымдарының басшылары ЖРВИ және COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындық барысымен бөлісті. Олархалықты дәрі-дәрмек, кадрмен қамтамасыз ету бойынша емханалардың дайындығы, емхана деңгейінде дағдарысқа қарсы штаб құру, мобильді бригадалардың жұмысы, үйдегі стационарды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен халықты қорғау үшін қабылданған эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша МСАК ұйымдары халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету және күзгі-қысқы кезеңде COVID-19, басқа да вирустық инфекциялық аурулардың ықтимал өсуіне 100% дайын болу үшін шаралар қабылдайды деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button