БастыҚоғам

Самат Әбіш кінәсін мойындап, өкінді – сот

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Самат Әбішке қызмет бабын асыра пайдалану бойынша үкім шығарды.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған жарияланымдарға байланысты Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған Ә-ге қатысты қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. «Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті», – делінген сот хабарламасында.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан Әбішке 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады. Бұл ретте қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде айқындалады.

«Сотталушы кінәні толық мойындады және жасағанына өкінді. Сот үкімі бойынша, Ә. Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы шығарылды», – деп толықтырды сотта.

Сондай-ақ, сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын және оның шын жүректен өкінуін таныды. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button