БастыСпорт

Армия спортшылары қоян-қолтық ұрыстан ІІМ чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Қарағандыда «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігінің X ведомствоаралық спартакиадасының және Қазақстанның Қарулы күштері, құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрыстан Ішкі істер министрлігі өткізген Х чемпионаттың қорытындысы шығарылды.

Жарысқа 33 команда құрамында 334 спортшы қатысты. Қорғаныс министрлігінің командасында 8 салмақта 8 адам қатысты.

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының өкілі Жандос Мәдехиянов 55 келіге дейінгі салмақта жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпион атанды. Тағы екі армия спортшысы – Арнат Наметов 62 келі салмақта және Еркінғали Бүркітәлин – 80 келіде қола жүлдеге ие болды.

Спартакиаданың командалық есебінде үшінші орынды Ұлттық ұлан өкілдері, екінші орынды – «Динамо» ДШҚ» ҚБ командасы, бірінші орынды – ІІМ командасы олжалады.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік кәдесыйлар мен сыйлықтар табыс етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button