БастыҚоғам

Су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі су тасқынының алдын алу шаралары туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Нұрланұлы Амрин, Қазақстан Республикасы Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің, «Қазгидромет» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Рустамбек Амрин атап өткендей, елдің оңтүстік өңірлерінің жазық аумағы мен өзендерінде қар және мұз болғандықтан, су тасқыны қаупі азайды. Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар сақталады, қардың белсенді еруі тау өзендерінде су тасқынына әкелуі мүмкін.

Ауа райы жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола,  Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының 171 елді мекенін су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, ол жерлерде 43 мыңнан астам адам тұрады.

7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында су басу жағдайлары болды. Соның салдарынан 15 елді мекенде көшелер мен аулаларды, 3 тұрғын үйді (Нұр-Сұлтан қаласы мен ШҚОБородулиха ауданының Орловка ауылында, Ақмола облысының Қоянды ауылында еріген қар суы сорылды) су басты, автомобиль жолдарында 6 рет судың тасуы болды  (Атырау облысында – 1 уақытша айналмалы жол, БҚО -2 аудандық маңызы бар жол, ШҚО – 1 облыстық маңызы бар жолдың екі учаскесінде, Ақмола облысында – 1 аудандық маңызы бар жол).

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Мұндай штабтар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да іске қосылған. Су тасқынына байланысты мәселлер туындаған жағдайда ТЖМ жедел штабына 559637, 323286 телефондары, сондай-ақ 112 бірыңғай номері бойынша хабарласуға болады.

Су тасқынына қарсы жедел штаб байланыс номерлері:

Ақмола облысы 8716-251-84-76, 8716-255-14-84;

Қарағанды облысы 87212-55-88-91;

Шығыс Қазақстан облысы 87232-55-38-19;

Павлодар облысы 87182-70-37-95;

Қостанай облысы 87142-99-07-05, 87142-50-36-24, 87142-50-24-81;

Ақтөбе облысы  87132-70-38-17;

Солтүстік Қазақстан облысы 8(7152) 52-25-21, 522725, 522724, 522136;

Батыс Қазақстан облысы 87112-55-40-88.

«Көктемгі су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр», – деп Рустамбек Аирин атап өтті.

Өткен жылдарғы тәжірибеге сүйеніп, биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2020 жылы жазда еліміздің өңірлері 150 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды нығайту, су тасқыны қаупі бар өзендердің 400 шақырым арнасын тереңдету, 15 мың шақырым су бұру арналарын орнату,5 мың арналарды және 7 мың арықтарды және су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

12 ақпанда республикалық деңгейде су тасқынына дайындық бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға  тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар облыстық, аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың 281 отырысы өткізілді.

Су тасқынының алдын алу шараларын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысына 2021 жылдың 27 наурызында 52859 әскери бөлімнің күштері мен құралдары (50 адам,  8  бірлік техника, 4 жүзу құралы және 10 мотопомпа)жіберілді. Олар бағыттау пункттері бойынша орналастырылды (Алтай кенті, Зубовск, Малеевск мен Самарское ауылдары).

Әкімдіктер 27,2 млн.артық текше метр қар шығарды. Қар шығару жұмыстары шығарылды.

Мұз кертелісі орын алатын учаскелерде өзендер арналарындағы мұзды ұсақтату бойынша мұзу жару жұмыстары алдын ала жүргізіледі. Мәселен, өзендер мен көлдерде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ақмола (Селеті, Жабай, Түрген, Талқара,Нұра және Жыланды,Колутон және Есіл),  Шығыс Қазақстан (Үбі, Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Барлық),Қарағанды (Сабырқожа), Қостанай (Сарыөзен, Қарасу, Дәмді, Тімтуір, Кирпичка,  Заречка, Теректі және Құндызды, Қарғалы, Аят, Тобыл)және Солтүстік Қазақстан облыстарында (Сілеті,  Шарық, Жембапрақ, Бабықбұрлык, Ақанбұрлық және Имантау көлдері)мұз жару жұмыстары жүргізілді. Жалпы 119 мұз жару жұмысы жүргізілді, ол үшін 18-ден астам тонна жарылғыш зат пайдаланылды.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында еріген қар суын сору, қорғау бөгендерін нығайту және топырақ салынған қаптарды төсеу, өзендердегі мұзды кесу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Су тасқыны жағдайын жедел бақылау үшін «Қазақстан Ғарыш сапары ҰК» АҚ ғарыш мониторинг деректеру пайдаланылады. Өзен бассейндерінің  тасқын қауіпті учаскелерінде аэровизуалды зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі.

Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғаныс және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бірлік техника.

Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды.Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 бірлік техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық техника институтының жиынтық жасағы мен «Қазавиақұтқару»АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді.

Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін ТЖМ жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды, оларды жеткізу және орнату үшін күштер мен құралдар  есебі жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button