Қазақстандық армияда жарғыдан тыс қарым-қатынастар қалай жойылады

Қарулы Күштерде қол жұмсауды түбегейлі жою жөніндегі жұмыстар жоспарлы жүргізіледі. ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, осындай жағдайлар саны 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 47%-ға төмендеген, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Осы бағытта барлық деңгейде жұмыс жүргізілуде. Бұл жайлы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов айтып берді.

«Бүгінгі таңда әр лауазымды тұлғаның мансабы бөлімшедегі тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға байланысты: лауазымды көтеруге, әскери атақ алуға, академияға түсуге. Осы ретте барлық дәрежедегі командирлер, сондай-ақ сержанттар жеке басымен жауап береді және әскери қызметшілер арасындағы тәртіпті қолдауға барлық күш-жігерін салады», – деді Ермиян Бятов.

Ең алдымен бұл ұйымдастыру сипатындағы шаралар және жауынгерлік даярлықты, спортты, бос уақыт пен тәрбие іс-шараларын қамтитын нақты күн тәртібі. Барлық әскери қызметшілер тұрақты бақыланады.

Жеке құрамды өзара бақылау үшін «Жауынгерлік дос» жүйесі енгізілді, онда әдетте лауазымы мен әскери атағы бойынша тең екі әскери қызметші бір-біріне бекітіледі. Бұл мінез-құлықтағы нормадан ауытқу белгілерін уақтылы анықтауға және әскери ұжымда жағымсыз қылықтарды алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әскери бөлімдерде Қорғаныс министрлігі әзірлеген оқу модульдері бойынша оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Оларға ахуалдық кейстер қоса беріледі. Онда қақтығыстарды оңтайлы шешу жолдары, жарғыдан тыс қарым-қатынастың салдарынан орын алатын ахуалдар көрнекі ұсынылған.

Осы бағытта белсенді түсіндірме жұмыстарды әскери полиция да жүргізеді. Егер тұлға аралық немесе қызметтік мәселелерді шешуде біреу күш қолданса, құқық қорғау органдары дереу әрекет етеді.

Қабылданған ұйымдастырушылық шараларды ескере отырып, құқыққа қарсы әрекет жасау және оны байқамай қалу шын мәнінде мүмкін емес. Бөлімдердегі бейнебақылау жүйесі барлық объектілер мен үй-жайларды қамтиды. Кез келген жарақат, көгеру, гематома анықталған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіледі және материалдар қарау үшін әскери полицияға жіберіледі.

Тиімді ойлайтын жастар әскери билет алудың орнына сотталушының орындығына отырғызылып, өмір бойы сотталғандығын айшықтайтын таңба тағылатынын анық түсінеді.

Жеке құраммен жұмыс істейтін офицерлер де, сержанттар да, қызметкерлер де жауапкершілікті және жақсы әлеуметтік кепілдіктері бар тұрақты жұмыстан айрылуға әкеледі.

Ерлер ұжымында туындайтын жеке тұлғааралық қақтығыстарды ешкім жоққа шығармайды. Көбінесе олар эмоционалды тұрғыда туындайды. Дегенмен, жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыс Қарулы Күштердегі барлық қатынастар тек заңдар мен жарғылардың нормаларына сәйкес қамтамасыз етілуге бағытталған. Әскерде қызмет етудегі жағымды естеліктер, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналарының көптеген оң пікірлері, жағымсыз статистикалық көрсеткіштердің тұрақты төмендеуінің тиімділігіне дәлел бола алады.