
Салтанатты кеште Қазақстанның эстрада әншілері өнер көрсетті. Вокалды-инструментальді ансамбль мен дәстүрлі әншілердің өнері қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Сондай-ақ түрлі интерактивті ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Қыран бүркіт пен құмай тазы ертіп шыққан қыз-жігіттер ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, тұрғындармен естелік суретке түсті.
Ибрагим Ескендір, Аламан тобы, «Ди Арт» вокалды-инструментальді ансамблі халықтың ыстық ықыласына бөленсе, «Royal Beats» барабаншылар шоуы шараның көркін қыздырды. 25-қазан Республика күніне арналған мерекелік кеш қала тұрғындарымен қонақтарына арналды. Жергілікті жұрттың қуанышында шек жоқ.