Саясат

  • Сенаторлар еліміздегі білім сапасы мен жұмысқа орналасу мәселелерін мәслихат депутаттарымен бірге талқылады

    Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық мәслихаттардың депутаттарымен кездесіп, білім беру және еңбек…

  • Астанада қазақ-тәжік іскерлік форумы өтіп жатыр

    Астанада өтіп жатқан бизнес-форумға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Тәжікстан вице-премьері Зиёзод Сулаймон қатысты,…

  • Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды

    Еліміздегі жол саласының ғалымдары автожол құрылысы бойынша Қытай елінің тәжірибесін үйреніп жатыр, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жол құрылысы саласын нормативтік тұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолды пайдаланып, автожол құрылысындағы экономикасымен танысып жатыр. Бұған қоса қазақстандық мамандар Қытай Халық Республикасының жол-құрылыс саласындағы техникалық базасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Делегацияның құрамында институттың вице-президенті Серік Өмірбаев, Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова және басқа да мамандар бар. Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институт өкілдері Цзянсу Көлік институтымен (Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «JSTI-мен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қытайдағы нормативтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді. Сондай-ақ тығыз ынтымақтастықты арттыру жөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды», деді А.Нұғманова. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазжолҒЗИ» АҚ еліміздегі автожол саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Ұйымның сарапшылары жаңа технологиялар мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, жол саласының нормативтік базасының жаңа құрылымын әзірлеп жатыр. Аталған міндет таяу және алыс шет елдердің озық тәжірибесі негізінде жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты жоғарыда аталған меморандум жасау бойынша бастама көтерілді. Жол саласының сарапшылары кейінгі 10 жылда ҚХР-да жол құрылысы сапасының айтарлықтай өскенін атап өтті. Осы ретте Қытайдың жүрдек автомобиль жолдары мен басқа да жоғары деңгейлі автокөлік жолдарын айтарлықтай жылдам дамытуда тәжірибесі мол екенін айта кеткен орынды.

  • 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

    ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен 100% қамту шаралары қаралды,…

  • Сенаторлар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді мақұлдады

    Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның отырысы өтті. Онда сенаторлар «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы…

  • Сенат Төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады. Кездесуде Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылының…

  • «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы: Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар интернетке қосылады

    Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының пилоттық нұсқасын қарады. Оның жүзеге асырылуы туралы цифрлық даму, инновациялар және…

  • Сенаторлар палата отырысының күн тәртібін бекітті

    Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 27 сәуір күні өтетін Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібін…

  • Сенаторлар Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді мақұлдады

    Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының…

  • Астанада еліміздің минералды-шикізаттық ресурстық базасын арттыруға арналған форум басталды

    Елордада MINEX Kazakhstan-2023 XIII тау-кен геологиялық форумы өтіп жатыр. Бұл жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. «Ұлттық дамудың игілігі үшін жер қойнауын  игеру» аясында ұйымдастырылған форумның жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР ИИДМ Геология комитетінің төрағасы Еран Ақбаров, сондай-ақ әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам инвестор, сарапшылар мен пайдалы қазбаның өндірісімен айналысатын компания өкілдері қатысты. Оның барысында қатысушылар Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тау-кен, сондай-ақ геология саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді әрі жер қойнауын игеру бағытында қажетті технологияларды енгізудің жолдарын талқылады.…

Back to top button