
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды» – делінген құжат мәтінінде.
Атап өтсек, 2025 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.