БастыДенсаулық

Қыркүйек айынан 250 оқушыда коронавирус анықталды

Жаңа оқу жылы басталғалы 250 баладан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 250 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалардың арасында – 105 жағдай. Байланыста болған 1 426 адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді. 345 байланыста болған адамның арасында 22 оң жағдай анықталып отыр», – деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button