БастыДенсаулық

Медицина түлектері қай өңірге көбірек барады – статистика

ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев медицина түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҒО бойынша 2020 жылы 7 910 маман даряланды. Ауылдық квотаны қоса алғанда, 5 551 түлек мемлекеттік грант бойынша оқуды аяқтады. Сонымен бірге ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, 3 156 адам міндетті жұмыспен өтеуден босатылды. Оның ішінде 1 735 маман резидентурада, магистратурада, докторантурада оқуын жалғастырды, 1 421 маман жүктілік, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, мүгедектік бойынша босатылды. Әскери қызмет үшін 3 түлектің оқуы кейінге қалдырылды. Ал 272 жас маман жұмысқа жіберілген орнына келген жоқ. Мемлекеттік медициналық ұйымдардағы еңбекпен өтеу міндеттемелерінің орындалуын Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге қадағалайды», – деді Қ. Төсекбаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте.

Осылайша 2020 жылы оқу бітірген 2 054 маман жұмысқа орналасқан.

«Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелді, аймаққа бөлінген жас мамандардың 90% келген. Жұмыспен өтеуден босатылған түлектерді ескере отырып, Ақтөбе облысына 111 адам жіберілсе, 100 жас маман жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында 158 жас маманның 138-і (87%), Павлодар облысында – 80 түлектің 68-і (85%) жұмысқа орналасып, жоғары көрсеткішке жеткен. Ал ең төмен көрсеткіш Ақмола облысында (52%), онда жіберілген 88 болашақ медицина қызметкерінің 46-сы ғана барған», – деп түсіндірді спикер.

Жалпы практика дәрігерлері ең сұранысқа ие мамандар болып қала береді, оларға республика бойынша 652 штаттық орын тапшылығы бар. Анестезиолог-реаниматологтар да еңбек нарығында сұранысқа ие, бұл мамандар үшін 360,5 штаттық орын бос тұр.

«Жалпы дәрігерлік практика» мамандығының түлектері биылғы тапшылықты 60%-ға қамтуы тиіс, ал терапевттер мен педиатрларға қажеттілік толық қанағаттануы тиіс.

«Бірақ анестезиолог-реаниматологтардың тапшылығы жоғары болып қалады, өйткені түлектерді жұмысқа орналастырғаннан кейін де шамамен 80% кадр жетіспеушілігі болады», – деді Қ. Төсекбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда 4122 штаттық орынға дәрігерлер қажет. Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практикалық дәрігер, зертханашы дәрігер, акушер-гинеколог, инфекциялық дәрігерлер жетіспей жатыр. Орташа медициналық қызметкерлер арасында 8583 бос штаттық орын бар.

Бір жылда елімізде 31 мың маманы жұмыстан шығып, 1200 маман шетелге кеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button