БастыДенсаулық

Нұр-Сұлтанға ПТР-тестсіз ұшып келген тағы 122 жолаушы карантинге жатқызылды

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Turkish Airlines, Air Astana мен Flydubai әуе компанияларының ұшақтары келіп қонды. Осы ұшақтардың борттарында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған, деп хабарлайды Kaznovosti.kz елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жолаушылардың ішінде 122 адамда ПТР-тест анықтамасы болмаған. Сол себепті олардың бәрі де карантиндік стационарға жатқызылды. Жолаушылардың ішінен дене қызуы бар адам анықталған жоқ.

ПТР-тесттен өткеннен кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі. Ал егер олардың коронавирус жұқтырғаны белгілі болса инфекциялық стационарға барады.

7 қазанның кешінен 8 қазанның таңына дейін Дубай, Анталия, Ыстанбұл, Мәскеу, Франкфурт пен Екатеринбургтан жеті рейс келген.

Еске сала кетсек, 6 қазан сағат 00.00-ден бастап ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекетінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жаңа қаулысы күшіне енген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button