БастыСаясат

Португалдық инвесторлар белсенді ынтымақтастыққа дайын

29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Елші Дәулет Батырашев жұмыс сапарымен Португалияның солтүстік Порту және Брага аймақтарына барды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Порту, Гимараеш және Брага қалаларының басшылығымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Порту қаласының мэрі Руй Морейрамен әңгіме барысында сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастық, отандық тауарлардың экспортын ілгерілету, сондай-ақ туристік саласындағы өзара әрекеттесуді дамытудың мәселелері талқыланды.

Елшінің Гимараеш қ. мэрі Домингуш Браганса және Брага қ. мэрі Рикардо Рио арасындағы келіссөздер екі елдің аймақтары арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына арналды. Сұхбаттасушылар аймақтық деңгейде тығыз және жемісті өзара әрекеттесуді құрудың алғышарттарының бар екендігі туралы келісіп, қазақстандық-португалдық ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

Өз кезегінде, португалдық саясаткерлер қазақстандық қалаларымен туыстық қатынастар орнатуға және екіжақты делегациялардың сапарларымен алмасуына қызығушылығы мен дайындықтарын білдірді. Сонымен қатар, Солтүстік Португалиядағы қалалардың бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығын ашылуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Аймақтағы компаниялармен байланыс орнату және инвестициялық ынтымақтастықты орнату мақсатында Португалияның аяқ киім және былғары өнеркәсібі қауымдастығының бас директоры Жоао Майамен, Жиһаз өнеркәсібі қауымдастығының президенті Жоаким Карнейрумен және Тоқыма өнеркәсібі қауымдастығының президенті Мариу Машадумен келіссөздер жүргізілді.

Кездесулердің нәтижесінде, еліміз үшін осы басым салалардағы португалдық бизнес құрылымдармен өзара әрекеттесу туралы, соның ішінде нақты жобаларды іске асыру үшін Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және әлеуетті серіктестерді табу мақсатымен іскерлік миссияларды ұйымдастыру мәселесі келісілді.

Д.Батырашев Португалияның солтүстігіндегі ақпараттық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және құрылыс, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларды қамтитын 40 ірі кәсіпорындардың басшылығымен кездесулер өткізді. Еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру шеңберінде қазақстандық дипломат шетелдік инвесторларды қолдау шаралары және Қазақстанда бизнес жүргізудің практикалық аспектілері туралы хабардар етті. Екі елдің тиімді географиялық орналасуы мен елеулі транзиттік-көліктік әлеуетін ескере отырып, озық технологиялар мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық әлеуетіне, сондай-ақ логистика мен тауарларды тасымалдау саласында серіктестік қатынастарға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер нәтижесінде Португалияның солтүстігіндегі компаниялардың отандық бизнес құрылымдармен байланыс орнатуға экономикалық миссияларды ұйымдастыруға қызығушылықтары расталып, жақын арада осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілетіндігі жөнінде келісілді.

Ғылыми және академиялық топтарымен байланысты нығайту жұмысы шеңберінде Д.Батырашев «Avepark» ғылыми-технологиялық паркінің (Гимараеш қ.) басшылығымен және Португалияның солтүстігіндегі ірі университеттердің бірі – Миньо университетінің ректоры Руи Виейро де Каштрумен кездесулер өткізді.

Елші португал тіліне аударылған Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптарымен таныстырып, оларды табыстады, сондай-ақ әріптестермен ғылым, технология және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, атап айтқанда ҚР жетекші технологиялық орталықтары мен оқу орындарымен байланыстар орнату келешегін жан-жақты талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button