БастыДенсаулық

Жамбыл облысының жедел жәрдем станциясының паркі жаңа көліктермен толықты

Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері пайдалануға берілді. Бұдан бұрын облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк жеткізілген болатын, деп хабарлайды Kaznovosti.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, аймақтарға табыстаған.

Жамбыл облысына үш ӨЖЖ аппаратын, бес оттегі концентраторын, 50 пульсоксиметр жеткізлді. Сондай-ақ, облысқа «Chevrolet Damas» маркалы сегіз жедел жәрдем көлігі берілді.

– Біз барлық жанашыр азаматтарға медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектерді, оттегі концентраторларын, ӨЖЖ аппараттарын және пандемиямен күреске қажетті басқа да құралдарды сатып алуға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Бұл көмектердің маңызы зор. «Самұрық-Қазына» АҚ – нан алынған барлық жабдықтар қалалық және аудандық емханаларға үлестіріледі, – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

«Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулардың, соның ішінде COVID-19 індетімен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Еске сала кетейік, аталған меморандум аясында республиканың денсаулық сақтау жүйесіне 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button