БастыДенсаулық

М. Шоранов Павлодар облысындағы бірқатар медициналық нысанды аралады

11 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов екі күндік іссапармен Павлодар облысына барды. Бірінші күні ол сегіз денсаулық сақтау нысанын аралап, коронавирус инфекциясы  бойынша арнайы штаб отырысын өткізді.

М.Шоранов алдымен Екібастұз қаласына барып, жергілікті қалалық аурухананың жұмысымен танысты. Ғимарат 1976 жылы пайдалануға берілген, 337 төсек-орынға есептелген. Бас дәрігер Мұхаметқайыр Андосов коронавирус пандемиясы кезінде аурухана толық қуатта жұмыс істегенін айтты.

Бірінші вице-министр дәрігерлердің пандемия кезіндегі жұмысына ерекше назар аударып, ел басына қиын күн туғанда  ерен еңбек еткенін ақ халаттыларға және облыстағы барлық медицина қызметкеріне  алғыс айтты.

«Біздің аурухана Екібастұз өңірінің тұрғындарына хирургия, терапевт, педиатрия, инфекциялық, акушерлік-гинекология сынды көпбейінді көмек көрсетеде. Мұнда 23 бейін бойынша 10 бөлімше жұмыс істейді. Өкпені жасанды желдету аппараттары, интраоперациялық рентгенологиялық аппарат, цифрлық рентгенологиялық аппараттар, кардиографтар, дефибрилляторлар, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф және басқа да жабдықтар бар», – деді М.Андосов.

Бұдан ккейін М.Шоранов  ШЖҚ «Екібастұз қалалық №2 емханасы» МКК барды. Нысан күніне 500 келушіге есептелген, 2014 жылы салынған. Вице-министр танысқан келесі нысан – Ақсу қалалық ауруханасы. Көпсалалы медициналық кәсіпорын қала мен  қала маңындағы ауыл тұрғындарына стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Кәсіпорын құрамына 180 төсек-орындық тәулік бойғы стационар, бір ауысымда 500 келушіге арналған қалалық емхана, 7 ауылдық дәрігерлік-амбулатория, 5 ФАП, 10 медициналық пункт кіреді. Отбасылық денсаулық орталығының құрамында 47 учаске бар: жалпы дәрігерлік практиканың 35 учаскесі, 6 терапиялық және 6 педиатриялық учаске. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Ақсу емханасында алғашқы зертхана ашылды. Шарт сомасы 62 млн теңге.

«Ақсу орталық ауруханасында диагностикалық зертхана жаңғыртылды. Бұл өңірдегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы аясында ашылған  бірінші зертхана. Зертхана биохимиялық анализатормен, гематологиялық және зәр анализаторымен жабдықталған. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді», – деді аурухананың бас дәрігері Мақсат Мұқашев.

Ертіс өңіріндегі ең маңызды денсаулық сақтау нысандарының бірі – бұл қажетті кадрмен және мельцер боксымен жабдықталған 200 төсектік жаңа тез салынатын модульдік инфекциялық госпиталь.Мұнда жалпы және қарқынды терапия корпусы болады. Аурухана құрылысы 2020 жылдың қазан айында аяқталады. Жобаға 7 млрд теңгеден астам қаржы салынды, оның 2 млрд. облыстық бюджеттен.

Сонымен қатар, М. Шоранов «МиТ-ФАРМ+» ЖШС  «Profimed» медициналық орталығында болды, ұйым  Павлодар мен Павлодар облысының тұрғындарына ақылы негізде заманауи медициналық консультациялық-диагностикалық және емдеу – алдын алу көмегін, сондай-ақ тіркелген халыққа ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетеді.

«Клиника инсульттан, инфаркттан, жарақаттан және пневмониядан кейін науқастарды оңалту үшін қажетті медициналық жабдықтар сатып алды. 1 қаңтардан бастап оңалту бөлімшесінде қалпына келтіру емі басталады», – деді медицина орталығының бас дәрігері Шолпан Оңғарбаева.

М.Шоранов Павлодарда ШЖҚ «Қ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да болды. Мұнда облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Клиника түрлі бағыт бойынша операция жасауға дайын.

Бірінші вице-министр  іссапарының бірінші күні  бір ауысымда 700 келушіге арналған ШЖҚ «Павлодар қалалық №5 емханасы» КМК аяқталды.

12 қыркүйекте М. Шаронов Павлодар облысындағы Аққулы ауылына барып, ШЖҚ «Аққулы аудандық ауруханасы» КМК жұмысымен танысты. Бір ауысымда 135 келушіге арналған бұл медициналық нысан жергілікті халыққа алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық, зертханалық диагностика, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек түрінде білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Бірінші вице-министр барлық кездесуде денсаулық сақтау жүйесі үшін коронавирус пандемиясына қарсы  күрес кезінде халықтың денсаулығын қорғау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі шалғай ауылдардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мәселесіне де назар аударды.

«Президент инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды, әсіресе ауылдағы жағдайды жақсарту керек. Осыған байланысты  жаңа қанша объекті қажет екенін  анықтау үшін қолда бар инфрақұрылымға аудит жүргізуіміз тиіс. Бұл жұмысты қараша айына дейін  атқарамыз деп ойлаймын», – деді Марат Шоранов.

Марат Шоранов жақын арада облысқа жеті жылжымалы медициналық кешен  жеткізілетінін айтты. Сонымен қатар, қарашаға дейін өңірге отандық 109 жедел жәрдем көлігі келеді.

Сапар соңында бірінші вице-министр әріптестерін  санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауға және вирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына толық дайын болуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button