
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж.Ержановтың Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы №34, №35 қаулыларына және Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №123 хаттамасына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша Әл-Фараби ауданы аумағында құрылған мобильді топпен бірлесіп аудан аумағындағы базарларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл ретте, кәсіпкерлік нысандар санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде болу және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет.
Еске сала кетейік, қалада маска тағу режимі сақталады. Адам көп шоғырланатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа қоғамдық орындарда маска киіп, қашықтық сақтап, антисептик қолдану керек.