БастыДенсаулық

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады – министрлік

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», – деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол ел халқын санитарлық ережелерді қатаң орындауға шақырды.

«Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», – деді Б. Қожахметов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button