БастыДенсаулық

Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын жазды, – деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button