БастыДенсаулық

Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қазіргі уақытта бізде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда қайтадан тесттен өткен кезде коронавирус инфекциясы бойынша оң нәтиже көрсеткен жағдайлар бар. Біздің иммунологтардың айтуынша бұл – бастапқы кезеңде коронавирус жұқтырған пациенттің ағзасында қалып қойған вирус қалдығы. Яғни бұл – қалдық сипатындағы құбылыс. Олар тек тестте екінші рет көрініп тұрады. Оның үстіне аурудың ешқандай белгілері байқалмайды», – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр елде осыған ұқсас қандай да бір жағдай болып жатса, хабарлауды сұрады.

«Ондай жағдай болса, біз міндетті түрде тексереміз. Бірақ дәл қазіргі жағдайда ондай жағдай болған емес», – деді Алексей Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button