Қоғам

Полиция «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді

Бүгін Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында футбол матчы өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осыған орай полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауда.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

– Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады, – деді ПД бастығы.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды.

– Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен тәртіп кез келген эмоциядан биік тұрады. Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button