Threads желісіндегі «жар іздеймін» жазбаларының астарында қандай қауіп бар?

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.

Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:

Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.