Балқашта туристік индустриялық аймақ құрылады

Оның айтуынша, ӘКК құралдары арқылы Балқаштағы инвесторларға шипажай мен қонақ үй салуға екі жер учаскесі берілген. Туристік индустриялық аймақты құру бойынша жұмыс басталды, жер учаскесі анықталды. Тұжырымдама әзірленуде, автожол салынды, электрмен жабдықтауға және сумен жабдықтауға қосылу мүмкіндігі бар.
«Балқаштан бөлек, туристік орын – Қарқаралы. Мұнда біз Бұғылы рекреациялық аймағын дамытып жатырмыз. Қазір инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары қолға алынды. Инвесторлар үшін қонақ үйлер немесе демалыс аймақтарын салу үшін 75 га жер береміз», – деді өңір басшысы.
Туристік салаға құйылған инвестициялар көлемі 19 млрд теңгені құрады, ол жыл соңына дейін 23 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Туристер саны 29,2%-ға артып, алты айда шамамен 200 мың адамға жетті.



