«Іле-Балқаш» резерватына Нидерландтан екі жолбарыс жеткізілді

Қазақстан Республикасында реинтродукция бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, яғни бұрын жойылып кеткен түрлердің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылдануда. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – экожүйелік байланыстарды нығайту, табиғи кешендердің тұрақтылығын арттыру және биологиялық алуантүрлілікті қамтамасыз ету.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде жолбарыстарды жерсіндіру процесі жайында ақпар берді.