Қоғам

Business Media Central Asia Comtrux Astana жаңа халықаралық көрмесін іске қосатынын хабарлады

Business Media Central Asia (BMCA) жаңа жоба – Comtrux Astana халықаралық көрмесінің іске қосылатынын қуана хабарлайды. Ол коммерциялық көлік пен жол логистикасы саласындағы соңғы шешімдерді ұсына отырып, Қазақстан мен Орталық Азия үшін маңызды алаң болмақ. Көрме BMCA ұйымдастыруымен, Messe Frankfurt Exhibition GmbH (MFE) лицензиясы аясында, 2026 жылғы 5-7 мамырда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді

Komtrans Astana + BUSexpo Astana көрмелерін ауқымды жаңарту нәтижесінде Comtrux Astana жаңа бренді ұсынылды. Жоба Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық көлік индустриясын жаңа деңгейге көтеруге, оның аясын кеңейтуге және әлемдік деңгейдегі стратегиялық серіктестерді тартуға бағытталған.

«Comtrux – өңірдің көлік индустриясы үшін жаңа орталық алаңға айналады. Бұл – инновациялар, технологиялар мен жаһандық үрдістер тоғысатын бірегей платформа болмақ. Messe Frankfurt бренді аясында көрменің іске қосылуы Қазақстанның негізгі хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынына біз сенімдіміз», – деп атап өтті BMCA Қазақстан директоры Әнуар Мәлік.

Comtrux Astana 2026 көрмесінде қонақтар ең заманауи жүк көліктері мен автобустарды, кузовтар мен тіркемелерді, сондай-ақ навигация, телематика және автопаркті басқарудың инновациялық шешімдерін тамашалайды. Қатысушы компаниялар қосалқы бөлшектердің кең таңдауы мен сервистік қызметтерін, техниканы даралап бейімдеу мүмкіндіктерін ұсынады. Негізгі назар нөлдік шығарындылы көліктерге, экологиялық технологияларға және трансшекаралық логистика қызметтеріне аударылады. Бұған қоса, тұрақты көлік, жергілікті өндірісті дамыту және қазақстандық компанияларды жаһандық жеткізілім тізбегіне қосу басым бағыттардың бірі болмақ.

Биыл Komtrans Astana + BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana көрмелері BMCA жобаларына деген жоғары қызығушылықты көрсетті. Іс-шараларға Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан келген 230 компания қатысты. Үш күн ішінде 100-ден астам B2B-кездесулер өтіп, онда өндірісті дамыту, бірлескен жобалар және әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Қол қойылған келісімдер мен жарияланған жобалардың жалпы көлемі 200 млн теңгеден асты.

Messe Frankfurt-тың халықаралық желісі арқылы іске асатын бұл жаңа жоба қазақстандық компанияларға жаңа нарықтарға шығудың кең мүмкіндігін ұсынып, әлемдік жетекші өндірушілерді тартпақ. Осы арқылы Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі іскерлік орталық ретіндегі беделі нығайып, жаңа деңгейге көтеріледі.

Comtrux Astana 2026 көрмесі 2025 жылғы тәжірибеге сай, Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар өтеді. Бұл шешім көлік пен құрылыс салаларының бір алаңда тоғысып, өзара ықпалдастығын күшейтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button