Қоғам

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, олардың көпшілігі Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам.

«Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады», – делінген хабарламада.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.

Басқа жаңалықтар

Back to top button