Қоғам
Елордада «Астана Аренада» өтетін матч кезінде қозғалыс уақытша шектеледі

«Астана Арена» стадионында 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді. Онда Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты
Жанкүйерлердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында матч кезінде «Астана Арена» стадионы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Шектеулер «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан енгізіледі.
Қозғалысқа шектеулер матч басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын күшіне еніп, оның аяқталуына дейін жалғасады.
Жүргізушілер алдын ала жүретін бағытын жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескергені жөн.