БастыҚоғам

Жыл соңына дейін 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылдық жерлерде сумен жабдықтауды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері 250 шақырымға жуық су құбыры желісі салынды. Жыл соңына дейін 6 облыста 10 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

«Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 500 мың тұрғыны бар 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады, оның ішінде 1542 тұрғыны бар 4 ауылға алғаш рет орталықтандырылған ауызсу жүйесі қосылады», — деп атап өтті министр.

Нұржан Нұржігітов үш облыста – Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын реконструкциялаудың 6 жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты. Аталған жобалар 102 шақырым су құбыры желілерін реконструкциялауды көздейді.

Бұл 335 мың адам тұратын 202 елді мекеннің сумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button