Халықаралық көрме аясында 200 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалды

Komtrans Astana+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері аясында Қазақстан, Қытай, Түркия және Өзбекстаннан 230-дан астам компания қатысып, көрмеде өндірістік әлеует пен технологиялық шешімдер ұсынылды
Көрме барысында 300-ден астам B2B-кездесу өткізіліп, 100-ге жуық кооперациялық бастама ұсынылды.
Нәтижесінде 200 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалды.
Айта кету керек, Komtrans Astana + BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері елімізде коммерциялық көлік пен жол-құрылыс техникасын бір алаңда тоғыстырған алғашқы ірі халықаралық көрме.
Ұйымдастырушылардың дерегінше, көрмеде 50-ге жуық техника бірлігі көрсетіліп, оның ішінде жаңа үлгілер алғаш рет қалың жұртшылық назарына ұсынылған. Әлбетте, атқарылған жұмыс қорытындысы ретінде коммерциялық техника мен жол-құрылыс машиналары сатылған. Мұндай көрсеткіш көрменің тиіімділігі мен нақты экономикалық әсерін көрсетеді.
Жалпы көрмені 2899 астам адам тамашалап, мамандар мен салалық сарапшылар арасындағы байланыс нығая түсті. Көрме ұйымдастырушы, Business Media Central Asia басшысы Әнуар Мәлік: «Komtrans Astana + BUSexpo Astana – бұл жай ғана көрме емес. Бұл – серіктестікке жол ашатын, нақты жобаларға ұласатын, индустриялық серпінге серік болатын алаң. Біз бұл форматты келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз»,- деді.
Көрме аясында өткен панельдік сессияларда логистика, автопарк жаңарту, салалық қаржыландыру мен кадрлық әлеует тақырыптарын талқылаyды. Бұл пікірталастарда саланың негізгі мамандары мен шешім қабылдайтын тұлғалардың көзқарасы ұсынылды.
Іс-шара ҚР Көлік министрлігі, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өтті.