БастыҚоғам

Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас

2024 жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

«Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас. Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жастан», – делінген хабарламада.

Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.

Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Басқа жаңалықтар

Back to top button