Қоғам

Қазақстанда маусымдық шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған кәсіптер тізімі кеңейтілмек

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін кеңейту және оларды тарту кезінде салық жинауды қайта қарау мәселелері бойынша түзетулер әзірледі.

«Бұл түзетулер кәсіптердің кең спектріне маусымдық шетелдік жұмысшыларды тартуға, заңды тұлғаларда жұмыс істейтін еңбек иммигранттарын көлеңкелі сектордан шығаруға, көші-қон заңнамасындағы бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған кәсіптер тізбесіне келесі кәсіптерді енгізу ұсынылады: құрылыс саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – әртүрлі жұмысты атқаратын адамдар; абаттандыру секторындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар; қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар.

Бұл ретте маусымдық шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін салық ставкаларын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:

  • күнтізбелік 90 күнге дейін – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
  • 180 күнтізбелік күнге дейін – 60 АЕК;
  • 270 күнтізбелік күнге дейін – 90 АЕК;
  • 365 күнтізбелік күнге дейін – 120 АЕК.

Түзетулер жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button