Қоғам

Жастарға арналған ипотекалық бағдарлама 17 өңірде іске қосылды

Мемлекет жалдамалы тұрғын үй бағдарлама қатысушыларына тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.

«Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде.

Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button