Қоғам

АШМ Департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлыққа күдікті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.

«Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button