Рамазан айында діни сұрақтарға тәулік бойы жауап алуға болады – Call-center «109»

«Ораза айт» мерекесі 30 наурыз күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады
Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы 15 мешіт қызмет атқарады. Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, деп мәлімдейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатындығын ескеркім келеді.
Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, тиісті мемлекеттік органдар Рамазан айы кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіздік шаралары мешіттер мен басқа да көпшілік жиналатын орындарда күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қамтамасыз етіледі.