БастыДенсаулық

Коронавирус: Қызылорда облысында мобильді бригадалар құрылды

Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметіне жүктеме екі есеге артты. Бұл жөнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн брифингіде мәлім етті.

Қазір Қызылорда облысы бойынша халыққа 81 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 52 дәрігер мен 351 фельдшер бар.

«Қазір тәулігіне 2 мыңға жуық шақырту тіркеледі. Жүктеме 2 есеге өсіп, диспетчерлер мен қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай, медицина мамандығы бар жас мамандар мен еріктілерді жұмысқа тарту шараларын қарастырудамыз. Сонымен қатар, үйде ем алушыларға қосымша көмек беру мақсатында 50-ден астам дәрігерлік мобильді топтар құрылды. Олардың жұмысын үйлестіру үшін әкімдіктер тарапынан қызметтік автокөліктер бөлінді», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі медицина мамандарының еңбегін бағалауға, сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырды.

«Қадірлі жерлестер! Облыста енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, сақтық шараларына ерекше ден қоюға шақырамын. Ең бастысы, ақ халатты абзал жандардың ерлікке тән еңбегіне қолдау білдіріп, емдеу мекемелерінде жатқан науқастардың аман-есен ортамызға қосылуына тілеулес болайық! Біздің басты байлығымыз – адам денсаулығы және оның өмірі. Бір-бірімізге жанашыр болайық», – деді Г.Әбдіқалықова.

Бүгінде дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 1456 адам тіркелген. Оның ішінде 950 науқас сырқатынан жазылып, 3 адам қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button