БастыҚоғам

«Қазақмыс» Назарбаевқа ұшақ сатып алғаны рас па?

«Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы корпорация ресми түрде мәлімдеді. 

Хабарламада атап өтілгендей, компания әуе кемесін тек өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алған. 

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз.

«Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ. Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты.

Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button