Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеңіл рельсті трамвай жобасының қазіргі жай-күйінен ақпар берді, деп хабарлайды Кaz.inform.kz
– Күн сайын қала ішіндегі маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде астананың қоғамдық көлік паркі 45 пайыз жаңарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, қыркүйек айында алғашқы сынақтар басталатынын еске салды.
– Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жетуге жақын. Құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр. Биылғы қыркүйекте алғашқы пойыздар келіп, тестік сынақтар басталады, – деді әкім.