Қоғам

Әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – фейк

1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз» – делінгін министрліктің хабарламасында.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button