Спорт

Париж Паралимпиадасы: Қазақстан құрамасы туралы 10 дерек

Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатыспақ. 1996 жылдан бері жерлестеріміз жазғы Паралимпиадада 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алған, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Париж Паралимпиадасына 33 лицензия жеңіп алды. Спорттың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 44 спортшы бақ сынайды.

10 пара дзюдошы Паралимпиада жүлдесі үшін татамиге шығады.

Ту ұстаушылар – Берік Ізмағанбетов (волейболды отырып ойнау) пен Севда Алиева (пара нысана көздеу).

Париждегі додаға бұған дейінгі Паралимпиада бәсекелерінің қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады. Олар:

• Зүлфия Ғабидуллина – Рио Паралимпиадасының чемпионы
• ⁠Давид Дегтярев – Токио Паралимпиадасының чемпионы
• ⁠Нұрдәулет Жұмағали – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері
• ⁠Раушан Қойшыбаева – Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері

Ең жас спортшы – Альфия Тілекқабыл (пара дзюдо, 18 жаста)

Ең егде спортшы – Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу, 59 жаста).

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.

Ең тәжірибелі спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Биыл ол төртінші Паралимпиадасында бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button