Білім

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 жылда алғаш рет 99%-ға игерілді

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы гранттық конкурсқа 11 000 талапкер артық қатысты. Гранттарды тағайындау жөніндегі шешім Республикалық конкурстық комиссиясында қабылданып, 3 тамызда нәтижелері жарияланды. Мемлекеттік білім беру тапсырысының соңғы 3 жылда алғаш рет 99%-ы игерілді. Атап айтсақ, конкурс нәтижесі бойынша әлеуметтік осал топтардан 412 жетім бала, мүгедектігі бар 382 адам, көпбалалы отбасынан шыққан 3 576 бала, толық емес отбасыдан шыққан 933 бала, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан 437 балаға грант берілді», — деп баяндады Үкімет отырысы барысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ еліміздің батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлерінің жастары үшін нысаналы гранттардың 100% игерілгені атап өтілді.

Жалпы, 2024-2025 оқу жылына бакалавр бойынша 78 219, магистратура үшін 13 113 және докторантура үшін 2 919 грант бөлінді. Мемлекеттік тапсырыстың 60%-дан астамы экономиканың басым салаларында кадрлар даярлауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button