Спорт

Ел спортшыларының Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі: 5 тамыз

5 тамызда (дүйсенбі) спорттың 3 түрінен 5 спортшы бақ сынайды (стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі)

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атуда медальдар ойналады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18: 00 Финал.

Жеңіл атлетика
15: 50 Іріктеу кезеңі.  Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі
18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button