БастыҚоғам

Жезқазғанда бір топ тұлға қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 70 млн теңге шығын келтірген

Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған, деп мәлімдейді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

«Сонымен қатар, аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды» – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Конституцияның 77 – бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады.

Компанияның сенімділігін «Baiqa, piramida!» телеграм боты арқылы тексере аласыз. https://t.me/BAIQApiramidaBOT

Сондай-ақ Агенттіктің сайтында қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады. https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/activities/48291?lang=kk&parentId=48274

Басқа жаңалықтар

Back to top button