Білім

2024 жылы шығармашылық жоғары оқу орындарының 1205 түлегі диплом алады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты шығармашылық кадрларды даярлайтын 10 оқу орны бар. Жалпы білім алушы саны 10 мыңнан асады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

▪️Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
▪️Қазақ ұлттық хореография академиясы;
▪️Қазақ ұлттық өнер университеті;
▪️Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

Колледждер:

▪️ Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі;
▪️А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі;
▪️О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі;
▪️П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.

Мектептер:

▪️ К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ;
▪️А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ.

ҚР МАМ басым бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, сапалы, мәдениетке қызмет ететін кадрлар даярлау. МАМ-ға қарасты оқу орындарының 2428 педагогы білім алушыларды 223 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды. Оның ішінде 4 ЖОО 148 білім беру бағдарламасы бойынша, колледждер 75 бағдарлама бойынша білім береді.

2023-2024 оқу жылында 1205 түлек жоғары оқу орын дипломын алады (өнертану – 59, хореография – 6, актерлік өнер – 85, сценография – 51, вокалдық өнер – 21, кино және ТВ режиссурасы – 16, театр режиссурасы – 20, арт-менеджмент – 8, операторлық өнер -7, анимация режиссурасы – 28, медиажурналистика – 19, мүсін – 9, театр және кино макияжы -12, монументалды кескіндеме – 2, хореография педагогикасы-15, композиция-7, аспаптық орындау – 8, дирижерлік – 14, оркестрлік дирижерлік -15, музыкатану – 32, ойын емес кино режиссурасы – 11, дәстүрлі жыр (айтыс) – 8).

Тағы 658 түлек колледж бітірді (драма театрының әртісі – 61, қуыршақ театрының әртісі – 20, цирк әртісі-14, хор әртісі – 23, балалар музыкалық мектеп оқытушысы – 8, мүсінші-суретші – 9, декоратор-суретші -5, графикалық дизайнер -4, хореограф – 28, би ансамблінің әртісі – 42, вокалдық өнер – 15, дыбыс-операторлық шеберлік – 6, хор дирижерлігі – 13).

Басқа жаңалықтар

Back to top button