Қоғам

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алу бойынша күдікке ілінді.

«Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Тергеу сотының санкциясы бойынша «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button