БастыҚоғам

«Наурыз» бағдарламасы бойынша 17 432 өтінім жолданды

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. 10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша әлеуметтік осал топтарға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар жатады. Бұл өтінімдердің 57%-ын әйелдер жолдаған. Өтініш берушілердің 62%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас өтініш беруші Түркістан облысында тұрады. Ол – 18 жастағы тұрғын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button