Қоғам

Америкалық ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын Қазақстаннан тауып алды

АҚШ азаматы ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын Қазақстаннан тауып алды.

АҚШ азаматына туыстары туралы ақпаратты іздеуге полиция көмектесті. Қазақстанға келген ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып тағзым етті.

Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі – ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған. Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.

«2022 жылы ата-анамның 1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын білдім. Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық», – дейді Джефф Шайнгольд.

Айта кету керек, облыстық полиция департаментінің мұрағатында 30 мыңнан астам құжат сақталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button