БастыҚоғам

Қазақстанда су тасқынына байланысты көшірілген 23 мың адам үйіне оралды

Су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 23 085 қазақстандық үйлеріне оралды, 8 872 адам, оның ішінде 3 852 бала эвакуациялау пункттерінде қалды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жалғасуда. Өңірлерден ТЖ министрлігінің қосымша күштері мен құралдары тартылуда. Келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, жұмысқа кірісті.

«Өткен тәулікте Орал қаласының «Стеновик» бау-бақша қоғамынан 4 адам құтқарылып, 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала эвакуацияланған болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пункттерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжай үйлерде қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру мақсатында аралау жалғасуда», – деп жазылған хабарламада.

Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түсті. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 852 адам, 4 973 техника, 874 су сору құралы, 389 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button