Қоғампроисшествие

Алматыда әйел соққыға жығылған: бұрынғы күйеуі қамауға алынды

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Сот шешімі бойынша, ұрып-соғу және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды. Құқық бұзушы қамауға алынды», – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желіде Алматыда әйелдің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Қыздың есімі Салтанат болып шықты. 11 жылдан кейін әйел күйеуінен ажырасуды ұйғарған.

Өз кезегінде Салтанаттың бұрынғы күйеуі видео үндеу жазған. Ол кешірім сұрап, оқиғаның өз нұсқасын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button